UFC Парижге қашан оралатыны белгілі болды

UFC Парижге қашан оралатыны белгілі болды

UFC промоушені 2 қыркүйекте Париждегі«Аккор Аренада» Fight Night кешін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі<span> </span>ESPN сайтына сілтеме жасап.

Қатысушылардың есімі әзірге белгісіз.

Бұл 2020 жылы Францияда аралас жекпе-жек заңдастырылғаннан бері елдегі UFC-дің екінші турнирі болады.

Еске салайық, былтыр 3 қыркүйекте Парижде өткен кештің басты жекпе-жегінде ауыр салмақтағы промоушнның бұрынғы уақытша чемпионы франциялық Сирил Ган аустралиялық Тай Туйвасаны нокаутқа түсірген болатын. Турнирге 15 405 көрермен жиналған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или