Бокс

Белгілі промоутер Головкинге лайықты қарсыластың атын атады

Белгілі промоутер Головкинге лайықты қарсыластың атын атады
news-banner7
mobile-news-top

6 салмақ дәрежесі бойынша экс-әлем чемпионы, белгілі промоутер Оскар де ла Хойя Генналий Головкин үшін мексикалық Хайме Мунгияның (41-0, 33 КО) лайықты қарсылас екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Боксшылар 2018 жылы жұдырықтасуы керек еді. Алайда Невада штатының атлетика комиссиясы мексикалық боксшының мұндай деңгейдегі жекпе-жекке дайын емес екенін мәлімдеген.

- Хайме барлығымен жұдырықтасуға дайын. Ол Головкин күш сынасып көргісі келеді. Головкиннің мансабын аяқтады ма, жоқ па оны білмеймін, бірақ Мунгия онымен жұдырықтасуға әзір. Неліктен бұл жекпе-жекті ұйымдастырмасқа?, – деді ол.

26 жастағы Мунгия кәсіпқой боксқа 2013 жылы келген. 2018 жылы бірінші орта салмақта WBO белбеуі үшін кездесу өткізіп, америкалық Садам Алиді жеңді. Кейін белбеуді бес рет қорғап, орта салмаққа ауысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер