Бокс

Жеңіліп көрмеген қазақ баласы мен өзбек боксшысы титулдық жекпе-жек өткізеді

Жеңіліп көрмеген қазақ баласы мен өзбек боксшысы титулдық жекпе-жек өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

23 жастағы отандық боксшы Дильшат Нұрымның келесі жекпе-жегіне қатысты ақпарат шықты.

Нұрым 16 маусым күні Өзбекстан астанасы Ташкентте өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы жергілікті Мужибилло Тұрсынов болмақ. Жекпе жек барысында WBC Asian титулы сарапқа салынады деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Дильшат Нұрым мен Мужибилло Тұрсынов соңғы кездесулерін өткен жылы екінші желтоқсанда Ташкентте өткізді. Отандық боксшы Өзбекстан өкілі Фаррух Арслоновты төрешілердің шешімімен ұтса, Тұрсынов жерлесі Шохрухбек Кенжаевтан айласын асырды.

Түпнұсқасы: nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер