Ресейде 16 жастағы ММА файтері жекпе-жектен кейін қайтыс болды

Қайтыс болған спортшының аты-жөні белгісіз, Белогорск қаласынан келген жас жігіт спорттық матчтан кейін жансақтау бөлімінде көз жұмды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты «Матч ТВ»-ға сілтеме жасап.
«2006 жылы туған қатысушы соққы алып, есінен танып қалған. Оған көмек көрсетілді, бірақ кейін кәмелетке толмаған бала қайтыс болды.
Прокуратура жағдайға қатысты толық тексеріс жүргізеді», - деп атап өтті облыстық департаменттің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін аралас жекпе-жек ардагері Федор Емельяненко поп-ММА-ға тыйым салуды ұсынған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или