Қазақстандық файтердің АҚШ-тағы келесі жекпе-жегі тамызда өтеді

Қазақстандық файтер Николай Веретенников келесі жекпе-жегін тамыз айында өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
United Fight League лигасы отандасымыздың Instagram желісіндегі жазбасына «12 тамызда кездесу өткізесіз» деген пікір қалдырды. 33 жастағы астаналық: «Жекпе-жекке дайынмын», - деп жауап берді.
Айта кетейік, Николай Веретенников алдыңғы жекпе-жегін 13 мамырда Мемфисте (Теннесси штаты, АҚШ) өткізді, онда америкалық Демаркес Джексонды жеңіп, жартылай орта салмақтағы UFL Гран-приінің жартылай финалына шыққан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или