Конор Макгрегор «Канелоны» жекпе-жекке шақырды

Конор Макгрегор «Канелоны» жекпе-жекке шақырды

<span>UFC лигасының екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпионы ирландиялық Конор Макгрегор мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альваресті жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.</span>

<span>РИА Новости ұсынған ақпаратқа сәйкес, бұл туралы аралас жекпе-жек шебері әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазған. </span>

<span>«Канело, сен кіп-кішкентай шұжықсың. Сені қолдың көмегінсіз-ақ, ұратын едім. Бұны ұмытпа», - деді Конор Макгрегор. </span>

<span>Айта кетейік, UFC лигасының екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпионы 2021 жылдың шілдесінен бастап жекпе-жекке шықпаған. Ол Дастин Порьеге қарсы кездесуде аяғын сындырып, ұзақ уақыт емделді. Конор Макгрегордың келесі қарсыласы АҚШ өкілі Майкл Чендлер болмақ.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или