Nomad FC еліміздегі алғашқы ашық турнирдің кезекті жекпе-жегін жариялады

Nomad FC еліміздегі алғашқы ашық турнирдің кезекті жекпе-жегін жариялады

Танымал Nomad FC лигасы Қазақстандағы алғашқы ашық турнирде өтетін кезекті жекпе-жекті жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

10 маусымда Алматыда Ернат «Балқаш жолбарысы» Түгелбеков Санжар «Flying Knee» Тәжиевпен кездеседі.

Турнирдің басты жекпе-жегінде Шерзод «Разрушитель» Абдужаппаров пен Темерулан «Underdog» Шашубай арасында 77 келіде Гран-при финалы өтеді.

Кеш аясында Магомед «Левше» Асадов пен Айдос «Әлім» Жаппарбергенов кездеседі

Сондай-ақ, турнирде қазақстандық танымал теле және кино актері Еркебұлан Тоқтар, Фарид Ядуллаев, Васиф «Esuriens» Аббасов, Шамиль «Пахан» Галимов және т.б. спортшылардың қатысуымен жекпе-жектер өтеді.

Алдағы турнирге билеттерді almaty-arena.kz сайтынан сатып алуға болады.

Nomad FC лигасының ресми серіктесі - UNDERDOG Sports спорттық агенттігі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или