Алмабаев UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі жайлы мәлімдеме жасады

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев (17-2) UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«5 тамызда, келісімшартқа қол қойылды! Лас-Вегас қаласында. Ал енді шулату керек. Алға, тек жеңіс үшін!» — деп жазды Алмабаев Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Асу Алмабаев промоушендағы алғашқы жекпе-жегінде ямайкалық файтер Оди Осборнмен кездеседі. Оның ММА-дағы статистикасы — 12-5, ал UFC-дегі рекорды — 4-3.