«Қазақ Сехудосы» чемпиондық жекпе-жек өткізеді: OCTAGON 45 турнирінің тікелей трансляциясы

Бүгін Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Еуразиялық промоушенның OCTAGON 45 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz
Кеш аясында 15 жекпе-жек өтеді. Басты жекпе-жекте Дамир «Қазақ Сехудосы» Төленов (9-0) аса жеңіл салмақтағы титулын үшінші рет қорғайды. Қарсыласы қырғыз файтері Алманбет Абдывасы уулу (11-6) болады.
Тағы бір басты жекпе-жекте жартылай ауыр салмақтағы чемпион Карим Рузбакиев (9-1) пен поп-ММА жұлдызы ресейлік Даниял «Т-34» Эльбаев (9-5) кездеседі.
Сондай-ақ атақты файтерлер Георгий «Рыцарь» Кичигин, Ержан Естанов, Нұрберген Шәріпов, Тэймур Жапаров және қазақтан шыққан тұңғыш UFC файтері Жұмабек Тұрсын октагонға шығады.
Ресми салмақ өлшеу рәсімі өтті:
Турнирдің негізгі кардын мына жерден көруге болады.
Турнир Астана уақытымен 18:00-де басталады. Жекпе-жек кешінің тікелей трансляциясы OCTAGON TV YouTube арнасында қолжетімді болады.