Қазақстандық чемпион мен ресейлік «Т-34»: OCTAGON 45 ивентінің мейн-карды жарияланды

Еурпазиялық жекпе-жек промоушені өзінің Telegram-арнасында OCTAGON 45 турнирінің басты кардын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
27 мамырда Алматыда өтетін кештің мейн ивентінде Дамир «Қазақ Сехудосы» Төленов (9-0) аса жеңіл салмақтағы титулын үшінші рет қорғайды. Қарсыласы қырғыз файтері Алманбет Абдывасы уулу (11-6) болады.
Тағы бір басты жекпе-жекте жартылай ауыр салмақтағы чемпион Карим Рузбакиев (9-1) пен поп-ММА жұлдызы ресейлік Даниял «Т-34» Эльбаев (9-5) кездеседі.
Толық кард осындай:
Аса жеңіл салмақтағы титул үшін жекпе-жек:
Алманбет Абдывасы уулу (11-6, Қырғызстан) – Дамир Төленов (9-0, Қазақстан)
Ауыр салмақтағы жекпе-жек:
Даниял «Т-34» Эльбаев (9-5, Ресей)– Карим Рузбакиев (9-1, Қазақстан)
Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек:
Нилсон Оливейра (20-10, Бразилия) – Георгий Кичигин (27-10, Қазақстан)
Жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жек:
Хасан Мандур (9-4, Мысыр) – Ержан Естанов (17-9-1, Қазақстан)
Жеңіл салмақтағы жекпе-жек:
Кушал Вяс (11-8, Үндістан) – Жұмабек Тұрсын (22-11-1, Қазақстан)
Жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жек:
Ахмед Эль-Гариб (7-5, Мысыр) – Нұрберген Шәріпов (11-3, Қазақстан)
Аса жеңіл салмақтағы жекпе-жек:
Вагнер Лима (16-7-1, Бразилия) – Тэймур Жапаров (12-3-1, Қазақстан)