Қазақстан чемпионаты: 9-тур ойындарының тікелей трансляциясы

13 мамырда футболдан Қазақстан чемпионатының 9-туры аясында Павлодар, Петропавл, Атырау және Шымкент қаласында кездесулер өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Астана уақытымен сағат 15:00-де павлодарлық «Ақсу» мен ақтаулық «Каспий» арасындағы кездесу басталады.
Елорда уақытымен 17:00-де петропавлдық «Қызылжар» талдықорғандыщ «Жетісумен» кездеседі.
Астана уақытымен 19:00-де «Атырау» өз алаңында қарағандылық «Шахтерді» қабылдайды.
Дәл осы уақытта атакенттік «Мақтаарал» мен шымкенттік «Ордабасы» арасында матч өтеді.
Фото instagram.com/fcqyzyljar