Бублик Франциядағы жарыстың екінші кезеңіне өтті

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Экс-ан-Прованс қаласында (Франция) өтіп жатқан Челленджер сериясы турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші айналымдағы кездесуде Александр ATP рейтингінің 180-ші сатысында тұрған итальяндық Риккардо Бонадионы 7:6 (7:5), 7:5 есебімен жеңді.
Матч 1 сағат 37 минутқа созылды.