Бокс

Бокстан Куба құрамасы Ташкенттегі әлем чемпионатына келген құрамы

Бокстан Куба құрамасы Ташкенттегі әлем чемпионатына келген құрамы

Бокстан Куба құрамасы Ташкентте өтетін әлем чемпионатына қатысатын спортшыларының тізімін атады.

"Бостандық аралының" өкілдері 13 салмақтың барлығында өнер көрсетеді. Хулио Сезарь Ла Круз, Рониэль Иглесиас және Арлен Лопес секілді екі дүркін Олимпиада чемпиондары бар. Ла Круз сонымен қатар бес рет әлем біріншілігін ұтқан.

Ал Иглесиас пен Лопес бір реттен топ жарған. Одан бөлек, үш дүркін әлем чемпионы Ласаро Альварес мен Сербияда топ жарған Йоэнлис Эрнандес те тізімге қосылған.

Куба құрамасының тізімі толықтай мынандай: Алехандро Кларо (48 келі), Эрислан Ромеро (51 келі), Йосбани Вейтия (54 келі), Сайдель Орта (57 келі), Эрисландис Альварес (60 келі), Ласаро Альварес (63,5 келі), Рониэль Иглесиас (67 келі), Хорхе Куэльяр (71 келі), Йоэнлис Эрнандес (75 келі), Арлен Лопес (80 келі), Нельсон Уильямс (86 келі), Хулио Сезарь Ла Круз (92 келі), Фернандо Арсола (+92 келі).

Түпнұсқасы: kaz.nur.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0