Қазақстан кубогының 1/8 финалы: «Шахтер» «Оқжеспесті» тас-талқан етті

Футболдан Қазақстан кубогының 1/8 финалы аясында «Оқжеспес» - «Шахтер» командалары арасында кездесу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Елордадағы «Астана Арена» стадионында өткен матчта «Шахтер» «Оқжеспесті» 5:0 есебімен жеңді.
Қазақстан кубогы. 1/8 финал
«Оқжеспес» (Көкшетау) - «Шахтер» (Қарағанды) 0:5 (0:4)
Голдар: Чогадзе 6, Перцух 12, Свиридов 15, Татаев 32 (автогол), Тәттібаев пен. 90+3
Алаңнан қуылды: Димитров 73
Төреші: Нұрмұстафина Эльвира (Алматы)
29 сәуір. Астана. «Астана Арена» стадионы