Головкин тағы бір қазақстандықты ығыстырып, WBO рейтингіне енді

Головкин тағы бір қазақстандықты ығыстырып, WBO рейтингіне енді

IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, WBA Super және IBF титулдарының бұрынғы иегері Геннадий Головкин қайтадан Дүниежүзілік бокс ұйымының рейтингіне енді, деп хабарлайды Prosports.kz.

WBO орта салмақтағы рейтингінің жаңартылған нұсқасында Головкинді ұзақ уақыттан кейін бірінші орынға қойды. Головкиннің бірінші қатарға шығуына байланысты тағы бір қазақстандық боксшы, WBO International титулының иегері Мейірім Нұрсұлтанов үшінші орыннан төртінші орынға төмендеді.

Қазақстанның тағы бір өкілі Жәнібек Әлімханұлы - WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы.

Фото ringside24.com

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или