Жалғас Жұмағұловты жеңген UFC спортшысы өзінің бисексуал екенін мәлімдеді
![Жалғас Жұмағұловты жеңген UFC спортшысы өзінің бисексуал екенін мәлімдеді](https://prosports.kz/upload/news/content//202303/201131_1b5b6a4c3aa2780934f097481b821fd6.jpg?v=28700788)
Америкалық аралас жекпе-жек шебері (MMA), жеңіл салмақтағы абсолютті жекпе-жек чемпионы Джефф Молина өзінің бисексуал екенін мойындады.
25 жастағы спортшы әлеуметтік желіге өзіне қатысты ыңғайсыз видео тарап кеткеннен кейін каминг-аут жасауға мәжбүр болды.
- Ол ЛГБТ қауымдастығына қатысы бары үшін емес, өзінің таланты мен спорттағы жетістіктері арқылы елге танымал болғысы келетінін айтты. Молина есебінде 11 жеңіс және екі жеңіліс бар. Соңғы жекпе-жегінде ол Қазақстан өкілі Жалғас Жұмағұловты жеңіп кеткен еді, деп жазды батыс басылымдары.