«Астананың» бұрынғы ойыншысы ҚПЛ жайлы пікірін айтты

«Астананың» бұрынғы ойыншысы ҚПЛ жайлы пікірін айтты

«Уралдың» голландиялық шабуылшысы Рай Влут «СЭ» басылымына берегн сұхбатында РПЛ мен ҚПЛ-дің деңгейі жайлы айтты, деп жазады Prosports.kz

«Қазақстан, Италия, Швейцария және Ресей чемпионаттарының деңгейін салыстыру қиын. Ресей чемпионатына бейімделдім деп ойлаймын! РПЛ Нидерланды чемпионатына ұқсамайды. Бұл жақсы, тартысқа толы чемпионат. Менің ойымша, РПЛ Еуропаның үздік 10 лигасының қатарына кіреді. Әрине, бұрын үздік ойыншылар көбірек келетін, ал қазір көбіне жас, жоғары сапалы ойыншылар ойнайды», - деді Влут

Влут 2022 жылы қыркүйекте «Астанадан» «Уралға» ауысты. Екатеринбургтік команда сапында 13 матчқа қатысып, 5 гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0