Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің ширек финалына шықты
![Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің ширек финалына шықты](https://prosports.kz/upload/news/content//202303/203991_d6cb7c8fdf125058d05e36006a4d3cf1.jpg?v=28700690)
Елена Рыбакина Индиан-Уэллс қаласында (АҚШ) өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
1/8 финалда қазақстандық теннисші ресейлік Варвара Грачеваны екі сетте – 6:3, 6:0 есебімен ұтты.
Айта кетейік, Грачева алдыңғы раундта WTA рейтингінде сегізінші орында тұрған отандасы Дарья Касаткинаны жарыс жолынан шығарып тастаған еді.
Матч 1 сағат 20 минутқа созылды.