Рыбакина мен Бадоса АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің бірінші айналымда жеңіліп қалды

Қазақстандық Елена Рыбакина мен испаниялық Паула Бадоса Индиан-Уэллс қаласында (АҚШ) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жұптық сынында жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші айналымда Рыбактна мен Бадоса аустралиялық Сторм Сандерс пен бельгиялық Элиза Мертенстен 6:7 (2), 3:6 есебімен жеңіліп қалды.
Матч 1 сағат 27 минутқа созылды.
Айта кетейік, Елена Рыбакина Қазақстан уақытымен 14 наурызға қараған түні Индиан-Уэллс қаласында жекелей сында Бадосаға қарсы өнер көрсетеді.
Фото globallookpress.com
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или