ММА

Қарсыластың Камиль Каратэге пара бергені туралы бұлтартпас дәлел жарияланды

Қарсыластың Камиль Каратэге пара бергені туралы бұлтартпас дәлел жарияланды
news-banner7
mobile-news-top

Аралас жекпе-жек OCTAGON лигасы Ташкентте өткен OCTAGON 42 турнирінің «Камиль каратэ» лақап аты бар Одилхон Камолов пен Қамариддин Хасановтың жекпе-жегі келісілген болуы мүмкін екенін көрсететін телефон арқылы сөйлескен жазбаны жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Eуразиялық промоушнының телеграм-каналында Камиль каратэге пара бермек болған Одилхон Камолов пен оның өкілі Дилшодбек Умировтің (Дитто) әңгімелері жарияланды!

Камолов: «Тік аяқта тұрғанда мен оны еденге лақтырамын, содан кейін қалағанымды жасаймын. Ата-анамның алдында ұятқа қалмайын ба!».

Омиров: «Әрине, солай болады. Мен оған ақшаны бердім. Менің сөзім саған жетеді ме?»

«Камолов пен Умиров әлі де болса халықты алдауды жалғастырып жатқанын атап өтеміз. Лига ұсынған барлық фактілерден кейін бұл екі тұлғаның мәлімдемесі бір тиынға тұрмайды », - делінген лига мәлімдемесінде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер