русский язык
Теннис

14 жасар қазақстандық теннисші Үндістанда өткен жарыстың абсолютті чемпионы атанды

14 жасар қазақстандық теннисші Үндістанда өткен жарыстың абсолютті чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Ариана Гогулина Үндістанның Гургаон қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында ITF Juniors World Tennis Tour сериясында өткен жарыстың абсолютті чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Муккам Ерматов баптайтын 14 жасар қазақстандық спортшы Үндістанда теңдессіз өнер көрсетті.

Астанадағы ұлттық теннис орталығының түлегі жекелей сында финалда үндістандық спортшыны ұтты. Бірінші партия 6:2 есебімен аяқталса, екіншісінде қарсыласы бәсекені жалғастырудан бас тартты.

photo

Гогулина финалға дейін 7 ойында жергілікті теннисшілерді, соның ішінде доданың бірінші ракеткасын тізе бүктірді.

Жұптық сында соңғы бәсекеде тек қазақстандық теннисшілер бас жүлдені сарапқа салды.

Ариана Альбина Кәкеновамен бірге Сәтима Төреген - Анастасия Крымковадан айласын асырды – 6:1, 6:2.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;