Сейдахмет: Осы маусымға өте жақсы дайындалдым

Сейдахмет: Осы маусымға өте жақсы дайындалдым

«Қайрат» жартылай қорғаушысы Еркебұлан Сейдахмет клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында ел чемпионатының 2-турындағы «Ақсуға» (3:1) қарсы ойынды қорытындылады, деп жазады Prosports.kz.

– Еркош, жеңіс құтты болсын! Осы ойын туралы не ойлайсың?

– Рақмет! Ойын өте қызықты өтті. Жеңіске жеткенімізге өте қуаныштымыз. Жеңсті жанкүйерлерге арнаймыз және алдағы ойындарда жеңіске жетуге барынша талпынамыз.

– Бапкерлер штабы алаңға шығар алдында саған не деді?

– Алаңға шығатын кезде бапкер маған ең бірінші гол соғып, ақылмен ойнау керектігін айтты. Бапкердің нұсқауын жасадым деп ойлаймын.

– Әдемі гол соқтың. Осындай қашықтықтан соққы жасау ойыңа қалай келді?

– Ойымда ондай ештеңе болған жоқ. Антон Крачковскийден пас алғаннан кейін, алдымда пас беретін ешкім болмады. Сондықтан тебуді жөн көрдім. Алланың қалауымен доп қақпаға тура ұшты.

– Ұақ уақыт бойы ойын сәтінде гол соқпадың. Бұл гол саған психологиялық тұрғыдан қалай көмектеседі?

– Осы маусымға өте жақсы дайындалдым. Өзіміздің Алматыда болған ОЖЖ-да жолдастық кездесулерде 6 гол соқтым, ол да өзінің көмегін беріп жатыр. Екінші турда алғашқы голымды соқтым. Осы маусымда жақсы өнер көрсетемін деп ойлаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или