ММА

Қазақ пен өзбек файтерлері арасындағы жеңімпазды төрешілер анықтады

Қазақ пен өзбек файтерлері арасындағы жеңімпазды төрешілер анықтады

Өзбекстан астанасында Еуразиялық аралас жекпе-жек промоушенінің OCTAGON 42 турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңіл салмақ дәрежесінде өткен қазақстандық АбдурахманӨмірзақов (2-0) пен өзбекстандық АсадКахоров (3-1) арасындағы жекпе-жекте төрешілер жеңісті жергілікті спортшыға берді.

Ивенттің басты жекпе-жегінде Достон Бозоров (7-0) пен Жансерік Жақсығұлов (4-2) жеңіл салмақтағы «уақытша» чемпион титулын сарапқа салады.

Тағы бір жекпе-жекте қырғыз файтері Арген Абдыкадыров (7-0) өзбекстандық Мухаммаджон Курбановпен (9-4) кездеседі. Олар жартылай жеңіл салмақта OCTAGON титулы үшін төбелеседі.

Сондай-ақ турнирде бір-бірімен жанжалдасып жүрген Камариддин «Камиль Карате» Хасанов (4-1) пен Одилхон Камолов (2-1) аралық салмақта күш сынасады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0