ММА

Шавкат Рахмонов: Головкинмен жеке сөйлеспедім, бірақ ортақ таныстарымыз бар

Шавкат Рахмонов: Головкинмен жеке сөйлеспедім, бірақ ортақ таныстарымыз бар

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов Матч ТВ арнасына берген сұхбатында жұлдызды отандасы Геннадий Головкиннің жекпе-жектерін жібермей көретінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірақ Шавкат олардың бокс стилі ұқсамайтынын мәлімдеді.

«Головкинмен ортақ таныстарымыз бар, бірақ онымен жеке сөйлескен жоқпын. Оның жекпе-жектерін жібермей көремін. Ол өте жақсы боксшы. Бірақ стилистикалық және тактикалық тұрғыдан біз өзгеше жұдырықтасамыз», — деді Рахмонов.

Еске салайық, Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жегін 21 наурызда Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) UFC 285 турнирінде америкалық Джефф Нилге қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0