русский язык
ММА

«Тәжік Хабибі» UFC турниріндегі дебюттік жекпе-жегінде жеңіске жетті

«Тәжік Хабибі» UFC турниріндегі дебюттік жекпе-жегінде жеңіске жетті

UFC Vegas 70 турнирі аясында тәжікстандық Нурулло Әлиев әлемнің жетекші ММА лигасындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Оған бразилиялық Рафаэль Алвес қарсы шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші раундта бразилиялық файтер жекпе-жек кезінде Әлиевтің өзін тістеп алғанын көрсеткен. Төреші Марк Смит Алвестің саусағындағы тіс іздерін көріп, тәжіктен бір ұпайды шегерді. Дегенмен, жалпы алғанда, бұл текетіресте басымдық Нурулло жағында болды – жалпы соққылар саны бойынша 92:25, екпінді соққылар бойынша 19:6 және тейкдаунда 3:0.

Бұл Әлиевке төрешілер шешімімен жеңіске жетуге мүмкіндік берді - 29-27, 29-27, 28-28.

Жеңілмеген Нурулло Әлиев үшін бұл жетістік кәсіби ММА мансабындағы тоғызыншы болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;