Жәнібек Әлімханұлы: Қарсыластарымның бас тартуынан шаршадым

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде алдағы жекпе-жегі туралы айтты.
«Шынымды айтсам, қарсыластарымның бас тарта беруінен шаршадым! Келесі қарсыласым менімен кездесуге келісетін шығар деп үміттенемін.
Ол әлемдегі ең танымал боксшылардың бірі болады деп уәде етемін. Алдыңа қойған мақсатың болып, оған шын сенсең, оны орындай алатының белгілі ғой», - деді боксшы