Sony келесі презентация күнін атады

Sony компаниясының келесі тұсаукесерінің ресми күні белгілі болды. Цифрлық шара 25 ақпан күні Астана уақытымен 03:00-де өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, эфирде «Suicide Squad: Kill the Justice League» геймплейі бар 15 минуттық бейнеролик көрсетіледі.
Іс-шара Rocksteady ойынының туындысын көрсетумен қатар, PlayStation 5 және PlayStation VR 2 үшін үшінші тарап студияларының жобаларын көрсетеді.