Қазақстан құрамасына үміткер Зуев «Крыльев Советов» ойыншысы атанды

Қазақстан құрамасына үміткер, жартылай қорғаушы Александр Зуев «Крыльев Советов» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
26 жастағы футболшы Самара клубымен 2022/23 маусымының соңына дейін келісімшартқа отырды. Зуев бұған дейін 2016/17 маусымында «Вингсте» ойнаған. Одан кейін Самара сапында 11 кездесу өткізіп, екі нәтижелі пас берді.
Зуевтің соңғы клубы «Химки» болды, ол Мәскеудің «Спартак», «Ростов», «Рубин» командаларында да ойнаған. Соңғы екі клубта Александр Ресей чемпионатында 120-дан астам матч өткізген.