OCTAGON 41: Төленов тәжікстандық «Гангстерді» 29 секундта нокаутқа түсірді

Еуразиялық жекпе-жек промоушенінің OCTAGON 41 турнирі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде Дамир Төленов (8-0) ең жеңіл салмақтағы чемпиондық атағын қоғады, қарсыласы тәжікстандық Шерзод Ибодилоев (5-0) болды.
Төленов қатарынан бірнеше қауіпті соққы жасап, Ибодилоевты бірінші раундтың өзінде жеңді. Осылайша, «Қазақ сехудосы» кәсіпқой мансабындағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізіп, Еуразиялық промоушеннің ең жеңіл салмақтағы чемпионы атағын қорғап қалды.
Айта кетейік, OCTAGON 42 турнирі 4 наурызда Ташкентте өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Самат Мамедов (5-0) пен Өзбекстан спортшысы Достон Бозоров (7-1) жеңіл салмақтағы уақытша чемпион белбеуін сарапқа салады.