русский язык
ММА

«Пантераның» қатарынан алтыншы жеңісі және Жолдош уулу мен Таварестің тартысты жекпе-жегі

«Пантераның» қатарынан алтыншы жеңісі және Жолдош уулу мен Таварестің тартысты жекпе-жегі

5 ақпанда Бішкекте Еуразиялық жекпе-жек промоушеннің OCTAGON 40 турнирі өтті, деп жазады Prosports.kz.

Кеш аясында жанкүйерлер Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Грузия және Бразилиядан келген файтерлер қатысқан 14 жекпе-жекті тамашалады.

«Газпром» спорт сарайындағы турнирдің алғашқы жекпе-жегі жергілікті файтер Янтар Маманов (1-2) пен қазақстандық Талант Есдәулет (1-1) арасында өтті. Ең жеңіл салмақта дәрежесіндегі кездесуде бірінші раундтың соңында қазақстандық файтер мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Қырғыз-қазақ текетіресінің тағы бір жұбында – Кауһар Карымшақов (1-0-1) пен Саят Әбдуәли (1-0) кездесті. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек алғашқы бес минуттың соңында аяқталды, мұнда да қазақстандық файтер (Әбдуәли) жеңіске жетті.

Алдын ала кардтың үшінші жекпе-жегінде аралық салмақта қазақстандық Ернар Әлімбеков (3-2) пен қырғызстандық Азат Нурмамадов (3-2) кездесті. Бұл кездесу екінші раундтың ортасында қырғыз файтерінің жеңісімен аяқталды.

Жартылай жеңіл салмақта қазақстандық Мамед Байрамов (1-2) пен қырғызстандық Бексултан Урматбек уулу (1-1) кездесіп, Байрамов төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

OCTAGON 40 турниріндегі жалғыз әйелдер арасындағы жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Қырғызстан спортшысы Анеля Токтогонова қазақстандық дебютант Эмилия Ларионованы бірінші раундтың ортасында қылқындыру әдісімен жеңді.

Кештің алтыншы жекпе-жегінде ең жеңіл салмақта өзбекстандық Зухриддин Бойдадаев (3-2) пен жергілікті файтер Арген Маликов (4-2) кездесті. Кездесу толық үш раундқа жалғасып, төрешілер шешіммен қырғызстандық файтер жеңіске жетті.

Турнирдің алдын ала кардын қазақстандық Нұрғиса «Брюс Ли» Ғалымжанов (2-0) пен қырғызстандық Ислам Егембердиев (2-0) аяқтады. Жекпе-жек толық үш раундқа жалғасып, «Брюс Ли» төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.

Кештің негізгі карды ең жеңіл салмақтағы өзбекстандық Шахзод Джуракулов (6-5) пен қырғызстандық Султан Орозамат уулу (4-9) арасындағы жекпе-жекпен басталды. Бұл кездесу де толық үш раундқа жалғасып, Султан Орозамат уулу төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.

Турнирдің негізгі кардындағы екінші жекпе-жек жартылай жеңіл салмақта Қырғызстанның екі өкілі – Кыялбек Кельдибай уулу (8-5) мен Арген Абдыкадыров (6-0) арасында өтті. Бұл кездесуде екінші раундта Абдыкадыров қылқындыру әдісімен жеңіске жетті.

Турнирі аясындағы оныншы жекпе-жекте қырғызстандық файтер Артурбек Мамыров (7-3) жерлесі Алманбет Абдывасы улууымен (10-6) кездесті. Үшінші раундтың соңында Алманбет ауыр соққымен Мамыровты нокаутқа түсіріп, мансабындағы он бірінші жеңісіне қол жеткізді.

Жартылай ауыр салмақтағы лига чемпионы Карим Рузбакиев (8-1) бұл кеште ауыр салмақ дәрежесінде грузиялық Гурами Звиададземен (3-3) кездесті. Рузбакиев қарсыласын бірінші раундтың бірінші минутында техникалық нокаутпен жеңді.

Турнирдің басты жекпе-жектері алдында жартылай жеңіл салмақтағы қырғызстандық Марсель Нурланбек уулу (9-0) әзербайжандық Амиль Мустафаевпен (2-1) кездесті. UFC матчмейкерлерінің назарында жүрген қырғыз файтері бар болғаны 38 секундта жеңіске жетті.

Турнирдің негізгі жекпе-жегінде жартылай жеңіл салмақтағы лиганың экс-чемпионы Шермурат «Пантера» Калилов (5-0) бразилиялық Лукас Бентомен (7-3) кездесті. Аралық салмақта өткен жекпе-жек толық үш раундқа жалғасып, қырғызстандық файтер мансабындағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді.

Кештің басты жекпе-жегінде қырғызстандық Максат «Барс» Жолдош уулу (8-2) Бразилиядан келген тәжірибелі файтер Жозе Тавареспен (15-10) кездеседі. Жекпе-жек толық үш раундқа жалғасып, жергілікті файтер төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Еуразиялық жекпе-жек промоушеннің келесі турнирі – OCTAGON 41 19 ақпанда Алматыда өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде жеңіліп көрмген қос файтер – қазақстандық Дамир Төленов (8-0) пен әзербайжандық Роял Лейлизаде (5-0) кездеседі, олар ең жеңіл салмақтағы чемпиондық атақты сарапқа салады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;