русский язык
ММА

Бішкектегі O40 турнирінде негізгі кард жекпе-жектері басталды

Бішкектегі O40 турнирінде негізгі кард жекпе-жектері басталды

Бішкектегі OCTAGON 40 турнирінің негізгі кардындағы алғашқы жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ең жеңіл салмақта өзбекстандық Шахзод Джуракулов (6-5) пен қырғызстандық тәжірибелі файтер Султан Орозамат уулу (4-9) кездесті.

Жекпе-жек толық үш раундқа жалғасып, Султан Орозамат уулу төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде қырғызстандық Максат «Барс» Жолдош уулу (8-2) Бразилиядан келген тәжірибелі файтер Жозе Тавареспен (15-10) кездеседі.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;