Қазақстан құрамасы оқ атудан Индонезияда топ жарды
Қазақстан әйелдер құрамасы Джакартада (Индонезия) оқ атудан әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Құрамында Александра Ле (Алматы), Елизавета Безрукова және Анастасия Григорьева (екеуі де шымкенттік) бар Қазақстан құрамасы пневматикалық мылтықпен 10 метрден атудан жарыста көш бастады.
Қазіргі уақытта әлем чемпионатының Индонезиялық кезеңінде Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или