Португалияда дүниежүзілік IWAS ойындары басталды

Португалияда дүниежүзілік IWAS ойындары басталды

Бүгін Вила Реал де Санто Антонио қаласында  (Португалия)  дүниежүзілік IWAS ойындары басталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Сsp-parasport.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарысқа әлемнің 34 мемлекетінен 500-ге жуық пара спортшы келді. Байрақты додада ел намысын 27 паралимпиадашы спорттың үш түрініен қорғайтын болады: пара жүзу, пара пауэрлифтинг және пара жеңіл атлетика.

Бүгін пара жүзушілер 100 м еркін жүзу, шалқалап жүзу және баттерфляй әдісімен жүзу дисциплиналарда өнер көрсетеді. Өз кезегінде пара жеңіл атлеттер ядроны итеру, найзаны лақтыру және 100 м, 800 м жүгіруден санға түсетін болса, әйелдер арасында пара пауэрлифтингтен ауыр салмақта спортшыларымыз бақ сынайды.

Айта кетсек, IWAS ойындары – бұл арбаға таңылған  және дене мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған спорт ойындары болып келеді. Ол әр екі жыл сайын өткізіледі.  Қазіргі таңда IWAS ұйымына 73 мемлекет мүшелік етеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или