Сауд Арабиясының қақпашысы Аргентинаға қарсы матчтың үздік ойыншысы атанды

Сауд Арабиясының қақпашысы Мұхаммед Әл Овайс 2022 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінің 1-турында Аргентинаға қарсы матчтың үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қақпашы аргентиналықтармен ойында 5 сейв жасады.
Еске салайық, бүгін, 22 қарашада футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінің 1-туры аясындағы ойында Аргентина құрамасы Сауд Арабиясы құрамасымен кездесті.
Ойын Лусаил Иконик стадионында өтіп, саудиялықтардың 2:1 есебімен сенсациялық жеңісімен аяқталды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или