ММА

Георгий Кичигин бразилиялық файтерді техникалық нокаутпен жеңді

Георгий Кичигин бразилиялық файтерді техникалық нокаутпен жеңді

Алматыда аралас жекпе-жектен «Октагон 37» турнирінде қазақстандық Георгий Кичигин (25-10) өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол бразилиялық Алессандро Хассеммен жұдырықтасты (7-3). Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланған және екінші раундта техникалық нокаутпен Кичигиннің пайдасына аяқталды.

Осылайша, Георгий Кичигин кәсіпқой мансабындағы 26-шы жеңісіне қол жеткізсе, Алессандро Хасем төртінші рет жеңіліске ұшырады.

Кичигин 2021 жылдың қазан айынан бері жалғасқан үш жеңіліс сериясын бұза алды: Георгий Черси Дудаевтан (14-2), Магомедсайгид Алибековтен (15-3) және Чиро Родригестен (24-11) жеңілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0