«Қақпаны емес, елді қорғайды». 21 жастағы «Ақтөбе» ойыншысы өз еркімен әскерге кетті

«Қақпаны емес, елді қорғайды». 21 жастағы «Ақтөбе» ойыншысы өз еркімен әскерге кетті

<span>«Ақтөбе» футбол клубының қақпашысы Евгений Ситдиков өз еркімен әскерге аттанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап. </span>

<span>«Ақтөбенің» жас қақпашысы Женя Ситдиков әскери борышын өтейді. Ойыншы өз еркімен әскерге аттану туралы шешім қабылдады. Жасыл алаңда Женяны асыға күтетін боламыз», - деп жазылған клубтың ресми парақшасында. </span>

<span>Евгений Ситдиков 2001 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Ол 2017 жылы 21 жасқа дейінгі «Ақтөбе» командасының сапында мансабын бастады. Ал ересетер командасына 2017 жылдың 30 қазанында қосылған. </span>

<span>Сондай-ақ, 17 жасқа дейінгі Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсетті. Қақпашы әскери борышын Қарағанды қаласында өтейді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или