«Астана» баскетбол клубы легионердің кеткенін ресми түрде хабарлады

«Астана» баскетбол клубы легионердің кеткенін ресми түрде хабарлады

«Астана» американдық қорғаушы Деондре Паркспен қоштасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі команданың twitter парақшасына сілтеме жасап.

«Ойыншыға астаналық клубта өткізген уақыты үшін алғыс айтамыз және Деондреге карьерасында сәттілік тілейміз!», - деп жазды клуб.

Паркс кәсіби карьерасын 2016 жылы Ұлыбритания чемпионатында бастады, онда ол «Ньюкасл» сапында ойнады. Одан кейін қорғаушы Грузия, Канада, Израиль, Финляндия, Венгрия және Кипрде өнер көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или