«Нағыз команда екенімізді көрсеттік!» Константин Горовенко – «Мақтааралдың» ҚПЛ-дағы орнын сақтау қалғаны туралы

«Мақтаарал» бас бапкері Константин Горовенко командасының Премьер-лигадағы орнын сақтау қалғанына орай Prosports.kz сайтына пікір білдірді.
«Бұл шынымен де ғажайып болды, адам сенгісіз! Екі айда жігіттер қандай ғажап өнер көрсеткенін өзімде түсінбей отырмын. Нағыз күрескерлер! Мінезді! Еңбекқор! Соңғы орында тұрған едік, керемет жеңісті серияға қол жеткіздік! Қысқасы, біз команда екенімізді дәлелдедік!», - деді Горовенко Prosports.kz тілшісі Владимир Жарковқа берген сұхбатында.
Айта кетейік, Горовенко «Мақтаарал» тізгінін ұстағаннан кейінгі жеті турда 17 ұпай жинады. 25-турда «Тұранды» 3:0 есебімен жеңген Атакент ауылының командасы мерзімінен бұрын ҚПЛ-дағы орнын сақтап қалды.
<h4>«Мақтаарал» бапкері команданың 6 ойынға созылған жеңіліссіз сериясы туралы пікірін айтты</h4>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или