Самбодан әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылардың есімі белгілі болды
Самбодан Бішкекте өтетін әлем чемпионатына баратын Ұлттық құрама белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Бішкекке аттанатын Ұлттық құрама спортшылары:
Самбодан - Қайырберді Айдынбай, Арнұр Қуатай, Есентай Имаханов, Мәрлен Жанғабыл, Еламан Қойшыбаев, Алибек Зекенов, Темірлан Көлбай;
Әйелдер – Маргарита Бажаева, Гүлдана Әлмұханбетова, Ажар Салықова, Маржан Бизақ, Ділдаш Кұрышбаева, Арайлым Әбенова, Азман Амаева;
Жауынгерлік самбо – Мирас Уәлиев, Әділбек Сейісов, Асылбек Смайылов, Әсет Анарбаев, Мәди Райхан, Айбек Саметаев, Талғат Жиентаев;
Ерлер құрамасының бас бапкері – Біржан Имаханов, ал әйелдер құрамасының бас бапкері – Құралбай Орынбасар.
Айта кетейік, 11-13 қараша аралығында Қырғыз Республикасының астанасы Бішкекте самбодан ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Онда 21 салмақта (ерлер 7, әйелдер 7, ерлер жауынгерлік самбодан 7) жеңімпаз анықталады. Бәсекенің жалпы жүлде қоры – 231 мың АҚШ доллары.