Түркияның Анталия қаласында армрестлингтен ересектер, кадеттер, жасөспірімдер, жастар және ардагерлер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық армрестлингшілер 68 алтын, 66 күміс және 36 қола медаль жеңіп алды.

54 елден 1700 спортшы қатысқан жарыста Қазақстанның намысын 200 спортшы қорғады.
Жалпыкомандалық есепте Түркия мен Болгария құрамалары үздік үштікке енді.

<span class="copyright">Фото: Instagram/drs_kz</span>