Елордада ат спортынан ашық біріншілік өтіп жатыр

Елордада ат спортынан ашық біріншілік өтіп жатыр

Елордада Республика күні қарсаңында ат спортының түрі – конкурдан ашық біріншілік өтіп жатыр. Оған, бас шаһардан бөлек, Қарағанды және Алматы қаларынан келген 50-ге жуық шабандоз қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыс Астана іргесіндегі «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде өтіп жатыр. Аталған сайыста шабандоздар белгіленген тәртіппен, күрделі әрі биік кедергілерді еңсеруі керек.

«Сайыстың алғашқы күні, яғни біріншіліктің іріктеу кезеңіне 50-ге жуық шабандоз қатысты. Олимпиадалық тәртіпте шабандоздар үш түрлі санатта бақ сынайды. Олар – «Ашық сынып санаты», «Жас жылқылар санаты» және «Балалар санаты». Бірінші санат бойынша жарысқа 12 жастан 15 жасқа дейінгі балалар, ал екінші және үшінші санат бойынша 16 жастан асқан шабандоздар қатысады.

Конкур – ат спортының ішіндегі ең әсерлісі, қызығы және бейнелісі. Бұл жарыста спортшы мен жылқының әртүрлі жағдайда кездескен кедергілерден арнайы бағыт бойынша жүріп өткен жолы есепке алынады. Төрешілер жолдың жылдамдығы мен тазалығына мән береді. Әрбір құлаған кедергі үшін айыппұл секундтары бар», - деді ат спортының олимпиадалық түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы Аманжол Хасенов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или