Брейкингтен әлем чемпионатында Әмір Закиров пен Владимир Кальмиус іріктеуде сүрінді

Брейкингтен әлем чемпионатында Әмір Закиров пен Владимир Кальмиус іріктеуде сүрінді

Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өтіп жатқан брейкингтен Әлем чемпионатына 50 елден 360-қа жуық биші жиналды. Бұл қатарда 8 қазақстандық бар.

Кешегі іріктеуде олардың төртеуі үздік 64 спортшының арасына қосылған. Алайда бүгін таңдаулы 32 би-бойдың қатарына кірген Әмір Закиров пен Владимир Кальмиус қарсыластарына жол берді.

Қалған іріктеулер мен финал бүгін өтеді. Былтырғы әлем чемпионатында Виктор (АҚШ) мен Аюми (Жапония) жеңіске жеткен. Париж Олимпидасына жолдамалар келесі жылғы бәсекеде сарапқа салынады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или