«Turan Barysy» Азия кубогында 7 елдің балуандары белдеседі
29 қазан күні Түркістан қаласында "Olympic center" спорт сарайында алғаш рет қазақтың ұлттық күресінен "Turan Barysy" Азия кубогы өтеді.
Жарысқа Түркі мемлекеттері ұйымының өкілдері – Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан және Қазақстан қатысады.
Qazaq kuresi қауымдастығының бас директоры Ербол Мырзабосынов қазақ күресі елдегі өскелең ұрпақты тәрбиелеу және мәдениетін арттыру негізі екеніне сенімді.
- Қазақстанның өзінде 800 астам түрлі деңгейде қазақ күресінен жарыстар өткізілуде. Оның ішінде Азия кубогі, Әлем және Азия чемпионаттары бар. "Turan Barysy" турнирін өткізуге түркі әлемінің астанасы Түркістан қаласы кездейсоқ таңдалмады. Бұл турнир қазақ күресінің әлемдік аренада одан әрі дамуына серпін бермек, – деді Ербол Мырзабосынов.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или