Шымкентте стенд атудан халықаралық турнир өтіп жатыр

Шымкентте стенд атудан халықаралық турнир өтіп жатыр

Шымкентте стенд атудан КСРО спорт шебері Владимир Почиваловты еске алуға арналған халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

<span> Айта кету керек, байрақты бәсеке осымен 31-ші мәрте ұйымдастырылып тұр. Яғни тәуелсіздік алған жылдардан бері тұрақты өткізіледі. Тіпті қазір спорттық ату бойынша халықаралық федерацияның жарыстар күнтізбесіне де енген. Биылғы бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен және көрші Ресей мен Өзбекстаннан 200-ден қатысушы жиналды. Олар енді бір апта бойы өзара мықтыны анықтайды. Жарыстың жалпы қорытындысы 23 қазанда белгілі болады. </span>

<span>Айта кетейік, стенд ату шеберлері жуырда ғана әлем чемпионатында тарихи жетістікке жетіп, жалпы есепте VI орынға тұрақтады. Ал алдағы жылы елімізде Париж олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын лицензиялық турнир өткізу жоспарланып отыр.</span><br /><br />

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или