Жансель Дениз бен Руслан Жапаров Манчестердегі Гран-приде бақ сынайды
Ұлыбританияның Манчестер қаласында таеквондодан Гран-при сериясының үшінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды қазақстандық федерацияның баспасөз қызметі.
21-23 қазан аралығында өтетін халықаралық турнирде Қазақстан атынан екі спортшы өнер көрсетеді. Олар: Жансель Дениз (67 кг) бен Руслан Жапаров (+80 кг).
Айта кетейік, бұл кезеңде медаль мен рейтингілік ұпайларды сегіз олимпиадалық салмақта әлемнің 61 елінен 256 таеквондошы сарапқа салады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или