Дәурен Абаев Катармен ынтымақтастық туралы бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойды
Түркия Республикасының Президенті Режеп<span> Тайип Ердоған</span> мен Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танидің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге, соның ішінде мәдениет және спорт министрлігімен байланысты құжаттарға қол қойылды.
<span>Қазақстан мен Катар мемлекеті спорт саласындағы 2023-2025 жылдарға арналған алғашқы атқарушы бағдарламаға қол қойылды. Бағдарлама спорт саласындағы қызметкерлердің тағылымдамаларын, семинарларын ұйымдастыру арқылы спорт мәселелерімен байланысты тәжірибе және ақпарат алмасуды көздейді. </span>
<span>Сондай-ақ, мәдениет және өнер саласындағы 2023-2025 жылдарға арналған бағдарламаға да қол қойылды. Құжат шеңберінде кітапхана саласында тәжірибе алмасу және мәдени мұраны, архив ісін сақтау, сондай-ақ музыкалық фестивальдар мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыру арқылы мәдениет саласындағы ынтымақтастық жүзеге асырылатын болады.</span>