Пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 14 медальға ие болды

Пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 14 медальға ие болды

Александрия қаласында (Мысыр) көру қабілеті төмен спортшылар арасында өткен пара пауэрлифтингтен IBSA әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарысқа 8 мемлекеттен 50-ден астам спортшы қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Чемпионаттың нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы 14 медальға қол жеткізді: 4 «алтын», 6 «күміс» және 4 «қола».

1) Мадьяр Жанысбаев (60 кг дейін)

ардагерлер арасында: үшсайыстан 1 орын және жатып сығымдап көтеруден 1 орын.

ересектер арасында: үшсайыстан 2 орын және жатып сығымдап көтеруден 2 орын.

2) Михаил Ткач (56 кг дейін)

ересектер арасында: үшсайыстан 2 орын және жатып сығымдап көтеруден 2 орын.

3) Андрей Москалев (82,5 кг дейін)

ардагерлер арасында: үшсайыстан 1 орын және жатып сығымдап көтеруден 1 орын.

ересектер арасында: үшсайыстан 3 орын және жатып сығымдап көтеруден 3 орын.

4) Асимжан Хапузов (82,5 кг дейін)

ардагерлер арасында: үшсайыстан 2 орын және жатып сығымдап көтеруден 2 орын.

5) Данияр Абильханов (110 кг дейін)

ересектер арасында: үшсайыстан 3 орын және жатып сығымдап көтеруден 3 орын.

6) Қанатбек Санжар (до 75 кг)

ересектер арасында: үшсайыстан 2 орын және жатып сығымдап көтеруден 3 орын.

7) Коновалов Игорь (до 100 кг)

ересектер арасында: жатып сығымдап көтеруден 2 орын.

ардагерлер арасында: үшсайыстан 2 орын және жатып сығымдап көтеруден 2 орын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или