Қазақстан әлем чемпионатында кикбоксинг бойынша 51 медаль жеңіп алды

Қазақстан әлем чемпионатында кикбоксинг бойынша 51 медаль жеңіп алды

30 қыркүйек пен 9 қазан аралығында Италияның Лидо-ди-Езоло қаласында өткен кикбоксингтен жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды.

Аталған чемпионатта Қазақстан құрама командасы 9 алтын, 19 күміс және 23 қола медаль жеңді. Жасөспірімдер құрамы 4 алтын, 4 күміс және 10 қолаға ие болса, жастар құрамы 5 алтын, 15 күміс және 13 қола иеленді.

Қазақстан құрамасының спортшылары фулл-контакт, лоу-кик және К1 сияқты үш бөлімде өнер көрсетті. Аталған чемпионатқа әлемнің 63 елінен 735 спортшы қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или