Нариман Курбанов Әлем Кубогы кезеңінде топ жарды

Нариман Курбанов Әлем Кубогы кезеңінде топ жарды

Мажарстанның Самботхей қаласында спорттық гимнастикадан Әлем Кубогының 5-кезеңі өтіп жатыр. Бүгін отандасымыз Нариман Курбанов атта өнер көрсетуде чемпион атанды.

Қытай Тайпэйінің өкілі Шао Ю Ян 2-ші болса, жапон спортшысы үздік үштікті түйіндеді.

Нариман осыған дейінгі Парижде өткен кезеңде дәл осы бағдарламада 14.450 ұпай жинап, күміс жүлде жеңіп алған.

Сәл ертеректе тағы бір қазақстандық Милад Карими еркін жаттығуда 2-орыннан көрінді. Жалпы Самботхей қаласында 27 елдің үздік гимнастары 30 жүлде жиынтығын сарапқа салып жатыр. Бұл қатарда Олимпиада мен Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.

Жалпы биылғы Әлем Кубогы 6 кезеңнен тұрады. Қалған соңғы кезең 7-9 қазанда Түркияның Мерсин қаласында өтеді. Сосын таңдаулы атлеттер 29 қазанда Ливерпульде басталатын Әлем чемпионатына дайындалады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или