V дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қазақстанда өтуі мүмкін
<span>V Дүниежүізілік көшпенділер ойынында ел қоржынына алғашқы медаль салынды. Күміс жүлдені садақ атудан Қанат Қасымхан иемденді. </span>
<span>Дәстүрлі садақ атудан бұл жарысқа әлемнің 32 елінен 135 спортшы бақ сынап жатыр. Түркияның төртінші ірі қаласы Бурсаның шалғайда орналасқан Изниктегі этно ауылға арнамыздан меншікті тілшісі Меруерт Қанағат барып көрді.</span>
<span> Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Бурсаның Изник ауданының таңдалуы бекер емес. Түркі дүниесінің мәдени астанасына 100 шақырым қашықтықта көл жағалауында орналасқан қалашық, Анадолы Селжук мемлекетінің орталығы болған. </span>
<span>Екі жылда бір өтетін спорттық додаға әлемнің 102 елінен 3 мыңнан астам спортшы қатысып отыр. Ұлттық спорттың 23 түрінен өтетін сайысқа ұйымдастырушылар ұзақ дайындалыпты.</span>